Кәсіпқой сержант
Кәсіпқой сержант
Мемлекеттік-құқықтық дайындық жауынгерлік әзірлік бағдарламасына енген пәндердің қатарында айрықша есепте. Офицердің де, сержанттың да сана-сезімін сілкіндіріп, бойына қазақстандық патриотизм тұрғысындағы тәрбиенің дәнін себер бұл пән әрқашанда маңызды болған. Сондықтаңда, мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша топ жетекшілеріне де салмақты да маңызды жүк артылған.
Мақтанарлығы бар, Құрлық әскерлерінің Әскери институтында өз міндетін мінсіз атқарып жүрген сержанттардың қатары көп. Солардың бірі институттың сержант құрамымен жұмыс қызметінің нұсқаушы сержанты 2 сынып сержанты Марат Бакишев.