Кәсіпқой сержант

Кәсіпқой сержант

Кәсіпқой сержант
ашық дереккөзі
 Мемлекеттік-құқықтық дайындық жауынгерлік әзірлік бағдарламасына енген пәндердің қатарында айрықша есепте.  Офицердің де, сержанттың да сана-сезімін сілкіндіріп, бойына қазақстандық патриотизм тұрғысындағы  тәрбиенің дәнін себер бұл пән әрқашанда маңызды болған. Сондықтаңда, мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша топ жетекшілеріне де салмақты да маңызды жүк артылған. Мақтанарлығы бар, Құрлық әскерлерінің Әскери институтында өз міндетін мінсіз атқарып жүрген сержанттардың қатары көп. Солардың бірі   институттың сержант құрамымен жұмыс қызметінің нұсқаушы сержанты 2 сынып сержанты Марат Бакишев.  width= Құрлық әскерлерінің Әскери  институтытының 2017-2018 жылғы оқу жылының қортындысы бойынша мемлекеттік-құқықытық дайындығы бойынша ең үлгілі топ жетекшілері қатарында 2 сынып сержанты Марат Бакишевтің  де аты аталып өтті. 2 сынып сержанты Марат Бакишев - институттың алғы қатардағы мақтаулы мамандардың бірі. Алматы облысы Сарканд ауданында  Лепсі станциясында өмірге келген Марат бала кезінен әскери қызметші болуды арман еткен. Орта мектепті бітірген жылы Марат Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігінің Кадет корпусына оқуға түседі. 1999 жылы кәсіпқой сержанттар қатарына қосылады. Бөлімше командирі, взвод командирінің орынбасары, батарея сержанты, батальон сержанты тәрізді нағыз кәсіпқой сержанттар өтер қызмет баспалдақтарынан өткен ол шынайы тәжірибе мектебін сусындады. Құрлық әскерлері Әскери институтында әскери оқу орнының сержанттар құрамымен жұмыс қызметінің нұсқаушы сержанты болып тағайындалған уақыттан бері өзін тек кәсіпқой маман ретінде көрсете білді. Өзінің қызметтік міндеттерімен қатар институттың сержанттар  құрамымен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша жетекшісінің орынбасарының міндетірін де атқарып жүр. 2 сынып сержанты Бакишев өткізген мемлекеттік-құқықтық дайындық  сабақтары пәрменді де қызықты өтеді. Сол үшін кәсіпқой сержант бар күш жігерін, білім-тәжірбиесін салады.  Марат Бакишевтің тобы әрқашанда мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарынан жоғарғы көрсеткіштер көрсетеді.
  • Көзі ашық, көкірегі ояу, білімі терең, тәжірибесі мол маман ғана бүгінгі азулы қарудың тізгінін тең ұстап, отанының патриоты бола алады, дейді 2 сынып сержанты Марат Бакишев.
Жаңа оқу жылында Марат Бакишевтің тобы мемлекеттік-құқықтық дайындық жүйесі бойынша жаңа жетістіктерге жетеді деп білеміз.

Аида Бектурова

ҚӘӘИ баспасөз қызметі