Жаңа жолдау жаңа серпін берді
Жаңа жолдау жаңа серпін берді
Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосуға бағытталған Президент–Жоғарғы Бас қолбасшы бекіткен «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы ел сенген әскери қызметшілерден білім мен кәсіби біліктілікті талап етіп отыр.
Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауын Құрлық әскерлерінің Әскери институтының жеке құрамы да аса қызығушылықпен қабылдады.
Бүгінгі талқыланып жатқан жолдауда аса маңызды мәселелер көтерілді. Атап өтетін болсақ, халықтың хәл-ақуалын жақсарту, денсаулығын нығайту, жоғары және орта білім беретін оқу орындарының жұмысын арттыру, оқу орындарының білім сапасын жоғарлатып, білім беруді заманауи талаптарға сәйкестендіру болды.
Елбасы жолдауда жоғарғы білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасын жоғарлатуы маңызды санайды.
Кез келген мемлекет әскерімен айбынды. Азат еліміздің құрыш қуатына айналған айбынды әскердің абыройын арқалаған болашақ генералдарды оқытатын бірегей білім ошағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып табылады.
Институттың бас міндеті болып құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау.
Қазақстан армиясы үшін сардарларды даярлайтын негізігі ұстаханаға айналған осынау білім ошағына білікті де білімді болашақ офицерлер білім алуда.
Осы уақытқа дейін елу жылға жуық тарихы бар білім ордасы 12 мыңнан астам білікті офицер кадрларын даярлап, әскер сапына қосты. Осы оқу орнын бітірген сардарлардың ішінен 75-тен астам генералдардың шығуы институт мақтанышы болып табылады.
Құрлық әскерлері Әскери институты өз межесінде Отан қорғаушыларды әрдайым қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытымен тәрбиелеп, оқытады. Ел өміріндегі ерекше мазмұнға ие бұл жолғы Жолдауды әскери институт басқармасы, профессорлық-оқытушылық құрам айрықша ынта-ықыласпен тыңдап, келешектің кәсіби әрі білімді офицерлеріне соңғы үлгідегі заманға сай технологиялық құралдармен сабақ беруде. Бұл ретте инновациялық әдістер талданып, сараптамадан өткізіліп, солардың ішіндегі жоғарғы талаптағы әдістемелік түрлер қолдануда. Офицерлер мен курсанттар білім деңгейін арттыру әрі әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында институт бағдарламасымен өзге елдердің Қарулы Күштерінде болып, қосымша білім алуда.
Жалпы алғанда егеменді еліміздің болашақ жастарын, соның ішінде әсіресе болашақ отан қорғаушы азаматтарымыздың заманауи білім мен тәрбиесін дамыту, жаһандануға бейім болуын қалыптастыру біздің басты міндетіміз.
Құрлық әскерлерінің Әскери институтының бастығы
генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов