«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді

«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді

«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді
ашық дереккөзі
Режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізіміне еніп, «Үздік шетелдік фильм» номинациясына ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Оскар сыйлығының сайтына сілтеме жасап. «Оскар» киносыйлығының «Үздік шетелдік фильм» номинациясына 87 елдің киносы ұсынылған. Бұл тізімге сондай-ақ, Константин Хабенскийдің «Собибор» картинасы, Беларусь режиссері Дарья Жуктың «Кристальный лебедь» фильмі кірген. «Үздік шетелдік фильм» санатындағы сыйлыққа үміткерлердің қорытынды тізімі 2019 жылдың 22 қаңтарында жарияланады. «Оскар» сыйлығын табыс ету рәсімі 24 ақпанда өтеді. Еске салайық, бұған дейін Америка кинематографиялық өнер және ғылым академиясы «Оскар» сыйлығының дирекциясы Қазақстанға «Айка» фильмін ұсынуға рұқсат бермеген еді. Бұл мәселеде халықаралық талаптар өз ықпалын тигізген, яғни фильмдегі актерлардың 50 пайыздан көбі өндіруші елдің азаматтығында болуы тиіс.