Меккеде 4 танымал Ислам ғұламаласы қаза тапқан

Меккеде 4 танымал Ислам ғұламаласы қаза тапқан

Меккеде 4 танымал Ислам ғұламаласы қаза тапқан
ашық дереккөзі

Минадағы қыспақ кезінде қаза тапқан адамдардан бөлек, көптеген қажылардың әлі күнге өлі-тірісі белгісіз болып отыр.  Дерексіз кеткендердің тізімінде бірнеше Ислам ғұламалары да бар көрінеді, - деп хабарлайды www.muslim.kz сайты.

Сауд Арабиясы билігі бүгінде жоғалғандарды қаза тапқандар қатарына жатқыра бастады. Солардың бірі Ислам әлеміне танымал үнді ғалымы, мүфти Мухаммед Фарук. Ғұлама ғалым хадис ілімі мен фиқһ саласында 50-ге жуық еңбек жазған, 700-ден астам студент оқитын Ислам оқу ордасын басқаратын деп жазылған ақпаратта. Жоғалғандар тізіміне ілініп, қаза тапқандар санатына жатқызылғандардың бірі ирандық елші Газанфар Рукнабади.  Елші Ол 2010-2014 жылдар аралығында Ливан елінде елшілік қымет атқарған болатын. Алайда, Сауд Арабиясының ресми билігі елшінің елге келген қажылар тізімінде болмағанын айтуда. Екі ел арасындағы даудың басталуына осы оқиға себеп болған еді деп тұжырымдайды діни басылым. Бұдан бөлек, Минадағы кептеліс кезінде Нигериялық екі ғалым өлген. Олардың бірі Майдугури университетінің ислам ғылымдары жөніндегі проффесоры Тиджани Эль-Мискин болса, екіншісі Нигерияның тұңғыш әйел-редактор атанған журналист Билькису Юсуф екен.