Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», - деді Н.Назарбаев. Айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетін болады. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ. Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Елбасы биылғы Жолдауында 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатынын айтты.