Елбасы ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырды

5 қазан, 2018 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Елбасы ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге өсіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін көмек болады. Бұл барлық салада, түрлі меншікті кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген 1,3 миллион адамның жалақысын өсіреді", - деді Президент. Еске сала кетейік, кеше, Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайтыны хабарланған еді. "Биыл 5 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды", - делінген еді хабарламада.