Қазақстан мен Өзбекстан туристік виза енгізуді талқылап жатыр
Қазақстан мен Өзбекстан туристік виза енгізуді талқылап жатыр
Қазақстан мен Өзбекстан шетелдік туристер бір елден екінші елге еркін жүріп-тұруы үшін, арнайы виза енгізуді талқылап жатыр, деп хабарлады «Хабар 24» арнасы.
Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі "Жібек жолы" жобасы бойынша виза мәселесін талқылап жатқанын растады.
Ал «Хабар 24» арнасына берген сұқбатында Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов "Екі тарап та бұл мәселені жан-жақты қарап жатырмыз. Қазір бұл жобаға “Жібек жол" бойындағы елдер де қызығушылық танытып жатыр. Кейін олар да бұл жобаға қосылады деп үміттенеміз" деп жауап берді.
Ташкентте бұл күндері «Жібек жолындағы туризм» деп аталатын халықаралық туристік жәрмеңке өтіп жатыр. Жәрмеңкеге Қазақстан, Үндістан, Қытай елдерінен басқа ондаған мемлекет қатысып жатыр.