Мырзашөл және  мақта теру науқаны

Мырзашөл және  мақта теру науқаны

Мырзашөл және  мақта теру науқаны
ашық дереккөзі
Мақталы өңір – Мақтарал және Жетісай аудандары әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ақ алтын» терімі науқанының басталуына арналған дәстүрлі «Ақ керуен - 2018» салтанатты іс-шарасы өтті. Жиында сөз алған Мақтарал ауданы әкімі Б.Асанов, Жетісай ауданы әкімі Ж.Бейсенбаев Мырзашөл өңірінің шаруаларын мақта терімі науқанының басталуымен құттықтап, істеріне сәттілік тіледі. Жалпы, Мақтарал ауданында 38 мың 593 гектар, Жетісай ауданында 48 мың 226 гектар алқапқа мақта шиті тасталған болатын. Қос аудан мақташылары да биыл орта есеппен гектарынан 21-24 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Мырзашөл өңірінде 227 мақта комбайны терім науқанына қатыстырылуда. Үстіміздегі жылы Жетісай ауданында 7 мақта өңдеу зауыты, 90 мақта қабылдау бекеті, Мақтарал ауданында 5 мақта өңдеу зауыты, 69 мақта қабылдау бекеті «ақ алтынды» кідіріссіз қабылдауға тыңғылықты дайындықпен келіп, бүгінде қызу жұмысқа кірісіп кетті.  

Асқар Омарханов, 

журналист

Түркістан облысы