Франция: «Отырар сазына» қошемет

Франция: «Отырар сазына» қошемет

Франция: «Отырар сазына» қошемет
ашық дереккөзі
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан елшілігінің «Қазақстанның Франциядағы күзі» атты жобасымен Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің кіші құрамы Францияның Канн және Монпелье қалаларында өнер көрсетіп, туристер мен тұрғындардың қошемет-ықыласына бөленді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Дінзухра Нұрғисақызы Тілендиева мен халықаралық байқаулардың лауреаты Фархат Кубиев кештің әсерлі өтуіне атсалысты. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дəлел Зейнеш­ұлы Уəшевтің айтуынша, бұл ұжымның Франция еліне бірінші сапары емес. «ҚР Мəдениет және спорт министрінің, сондай-ақ, Қазақстан мен Франция елшіліктерінің тікелей қолдауымен алдағы уақытта да бірнеше өнер сапарына шығуды жоспарлап отырмыз. Бұл жолы оркестрдің орындауында Халық əртісі, Халық Қаһарманы Н.Тілендиев пен Францияның ұлы музыканты, маэстро Шарль Азнавурдың шығармалары шырқалды», – деді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры.