4 Қазан, 15:38 189 0 Технологиялар Арман Құдайберген

ЦИФРЛАНҒАН ЖАЙЫЛЫМ КАРТАСЫ

Қазақстанда жыл соңына дейін жайылымдық жерлердің электрондық картасы жасалатын болады. Осыдан кейін барып егістік алқаптарын цифрландыру толығымен аяқталмақ. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты. Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру барысын баяндаған вице-министр: «Нақты егіншілік элементтерінің электрондық карталарын құру аясында 23,7 миллион гектар жер немесе егістіктің жалпы ауданының 98,8 пайызы цифрландырылған. Жылдың соңына дейін егістік жерлерді толық цифрландыруды аяқтау жоспарлануда. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы 9 пилоттық шаруашылықта нақты егіншілікті қолдануды талдау үшін Қазақ агротехникалық университеті техниканың мүмкіндіктерін тексерді, тыңайтқыштарды дифференциалды енгізуді іске асырды, электронды өріс картасын құрды, топырақтың агрохимиялық талдауын өткізді, егістіктердің арамшөп басу карталарын құрастырды», – деп атап өтті. Қарағанды мен Ақмола облыстарындағы 2 шаруашылықта метеостансалар көмегімен америкалық «Data Transmission Network» жасаған ауа райын дәл болжау пилоттық жобасы дайын. Соның қорытындысы бойынша оларды пайдалану туралы ұсыныстар енгізу жоспарланған. Мамандардың айтуынша, ауа райының көрсеткіштері 10-нан астам параметрлер бойынша жүргізіледі.

 

Соңғы жаңалықтар