«Сергек» кешені автокөлік маркасын анықтай алады

«Сергек» кешені автокөлік маркасын анықтай алады

«Сергек» кешені автокөлік маркасын анықтай алады
ашық дереккөзі
Автокөлік маркасын анықтайтын «Сергек» кешені көлік ұрлығымен күресуге көмектеседі. Бұл туралы Алматының Kazakhstan urban forum диалог алаңында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жаңа жылдан кейін автокөлік маркасын анықтауды іске қосамыз. Мәселен, қазір көлік ұрланса, оның нөмірін қолдан енгізу арқылы іздейді. Сол үшін қаскүнемдер бірден көлік нөмірін ауыстырып тастайды да, оны табу қиынға соғады. Біз бұл функцияны қосқаннан кейін бағдарлама кешені автоматты түрде автокөлік сипатына сай нөмірлерді тізіп береді. Сонда қолды болған мүлікті табу полицейлерге де оңайға түспек»,-деді «Сергек» жүйесін жасаушы компанияның өкілі Станислав Яшенков Kazakhstan urban forum кезінде. Оның айтуынша, Астанада 400 «Сергек» комплексі орнатылған. Алматыда мұндай кешендер пилоттық жоба аясында жүзеге аспақ. Сондай-ақ Шымкент, Өскемен қалаларында енгізу де жоспарда бар.