Қызылордада жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Қызылордада жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Қызылордада жол апатынан 4 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Кеше, қазанның 1-і күні Қызылордадағы «Эдельвейс» саяжайы маңында көліктер соқтығысып, адамдар қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ВАЗ» бен «SNACMAN» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан үш адам қайтыс болды. «Екі адам ауруханаға жеткізілген. Бүгінгі күнге медициналық мекемеге жатқызылған екі азаматтың біреуі қайтыс болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру шаралары басталды.