Өшпей қалған темекі тұқылы екі қарағандылықтың ажалына себепші болды

Өшпей қалған темекі тұқылы екі қарағандылықтың ажалына себепші болды

Өшпей қалған темекі тұқылы екі қарағандылықтың ажалына себепші болды
ашық дереккөзі
Қарағандыда өшпей қалған темекі тұқылының салдарынан жеке үйде өрт шығып, екі ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірлік ТЖД мәліметінше, сағат 8.21-де Шет көшесіндегі 89 үй өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде 3 бөлмелі бір қабатты үйдің ағаш төбесі, жиһаздар, заттар, есіктері мен терезелері жанып жатқан. Өрт 20 шаршы метрді шарпыған. Жалынды сөндіру кезінде үйден 54 және 59 жастағы ер адамның денесі табылды. Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану - мас күйде темекі шегу себеп болған. Айта кетерлігі жыл басынан бері Қарағанды облысында 1 195 өрт тіркеліп, 28 адам қаза тапты.