Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында суицид 50% төмендеген

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында суицид 50% төмендеген

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында суицид 50% төмендеген
ашық дереккөзі
«Денсаулық» бағдарламасын ойдағыдай орындай алмаған 7 өңір бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Әсіресе Ақмола, Батыс Қазақстан Павлодар және Шығыс Қазақстан көш бастап тұр. Осы аймақтарда өлім-жітім көбейген. Мәселен, Ақмола облысында жыл басынан ана өліміне қатысты 5 жағдай тіркелді. Жергілікті медициналық мекеме басшыларына тәртіптік шаралар қолданылды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында хабарлады. Мәселен, тұрғындар арасында қантты, тұзды, алкоголь мен шылымды көп мөлшерде тұтынатын азаматтар саны көп. Осы көрсеткішті азайтып, адамның өмір сүру жасы мен сапасын арттыру мақсатында 11 жарым млн азаматты қамтитын профилактикалық және скринингтік орталықтарды көптеп ашу көзделіп отыр. Ал балалар мен жасөспірімдер арасында суицид 50 процентке төмендеген. Жағдайды жақсарту үшін мектептерде 600 мұғалім мен 500 психолог-дәрігер арнайы оқыту курстарынан өтті.