Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы аталып өтуде

Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы аталып өтуде

Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы аталып өтуде
ашық дереккөзі
Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі күйші Құрманғазының 200 жылдық мерейтойы аясында «Құрманғазы және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестиваль өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен шара 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараға «ЮНЕСКО» штаб-пәтерінен, «Түріксой» ұйымынан, Ресей Федерациясынан арнайы өкілдер, жақын және алыс шет елдердің жетекші дәстүрлі орындаушылары, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан Республикаларының өнер ұжымдары  және еліміздің «академиялық» дәрежесі бар оркестрлері қатысады»,  делінген хабарламада. 3 күнге созылатын іс-шара аясында «Дәстүрлі өнер - жаһандану әлемінде» тақырыбында форум, республикамыздың, жақын шет елдердің күйшілік мектебі майталмандарының концерті, республикамыздың, жақын шет елдердің ұлт аспаптар оркестрлерінің концерті, оркестрлер шеруі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суретші Шахан Маханбетов пен танымал фото тілші Рафхат Халеловтің «Күй және күйші» атты фото көрмесі және танымал дәстүрлі орындаушылардың шығармашылық концерті өтеді.