Индонезияда зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 1200-ге жетті

1 қазан, 2018 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Индонезияда зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 1200-ге жетті Индонезияның Сулавеси аралында болған зілзала мен цунами салдарынан қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24». Соңғы ақпарат бойынша, 1200 адам мерт болып, 900-ге жуығы зардап шеккен. Еске сала кетейік, өткен аптада Индонезияның Сулавеси аралында 7 балдық жер сілкінісі болып, оның соны цунамиге ұласқан болатын.