Әлемдегі ең қымбат туфли сатылымға қойылды

Әлемдегі ең қымбат туфли сатылымға қойылды

Әлемдегі ең қымбат туфли сатылымға қойылды
ашық дереккөзі
Қымбат тастармен көмкерілген туфли Дубайдағы Бурдж-әл-Араб қонақүйінде сатылымға түсті, деп хабарлайды Хабар 24.   Бриллиантпен көмкеріліп, алтын жалатылған туфлидің құны – 17 миллион доллар. Бұл – әйелдерге арналған әлемдегі ең қымбат аяқ киім. Дизайнерлердің айтуынша, 230 бриллиантпен безендірілген. Ал оны жасауға 9 айдай кетті. Айта кетейік, қонақүйде таныстырылған топтамада бұдан басқа да аяқ киімдер бар. Ең арзаны – 14 мың доллар тұрады. Ол туфли де алтын және бағалы тастармен безендірілген.