Жаңалықтар

Иранның футболдан әйелдер құрамасында ерлер ойнаған

ашық дереккөзі

Иранның футболдан әйелдер құрамасында ерлер ойнаған

Иран мемлекетінің футболдан әйелдер ұлттық құрамасында ер азаматтар ойнайды екен. Бұл туралы  Daily Mail-ге сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Порталдың мәліметтеріне сүйенсек, Иранның футболдан әйелдер ұлттық құрамасының сегіз ойыншысы ер адамдар болып шыққан екен. Тіпті, олар жынысын ауыстыру үшін операция жасауды күтіп отырған көрінеді.

Ұлттық құрамада әйелдер атынан өнер көрсетіп жүрген ер футболшылар Иран чемпионатына да қатысып үлгеріпті. Футболдан әйелдер құрамасында ер азаматтардың ойнайтындығы спортшылар гендерлік тесттен өтпей қалғаннан кейін белгілі болған. Осыдан кейін Иран мемлекетінің футбол саласының шенеуніктері ел ішіндегі барлық ұлттық команда ойыншыларын және Иран чемпионатының үздік футболшыларының жынысын тексеру туралы пәрмен берді.

Дәл осындай жайт Иранның футбол саласында 2010 және 2014 жылдары орын алған. Сол жылдары әйелдер құрамасының бірнеше ойыншысы гендерлік тесттен өте алмай, ойыннан шеттелген еді.