Жаңалықтар

"Нұрлы жер": Таразда 800 пәтер мен 205 тұрғын үй пайдалануға берілмек

ашық дереккөзі

"Нұрлы жер": Таразда 800 пәтер мен 205 тұрғын үй пайдалануға берілмек

Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейтін «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша талай қазақ баспанаға қол жеткізіп, қуанышқа кенелуде. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы – жамбылдық жұртшылық үшін де жаңа мүмкіндік болып отыр. Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы халықты баспанамен қамтамасыз ету ісін ілгерілетуге оң ықпалын тигізуде.  Мәселен, Тараз қаласындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 800 пәтер мен 205 тұрғын үй қолданысқа берілмек. Мемлекеттік бағдарлама аясында  Тараз қаласы 15 ықшам ауданында 10 көпқабатты тұрғын үй салынған.  Қазір құрылыс жұмыстары толық аяқталып, бүгіннен бастап конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды. Ал, мердігер копания құрылыстың басым бөлігі, отандық өнім, бастылы сапалы екендігін айтты. Мұндағы пәтердің шаршы метрі 11600 теңге тұрады. Мәселен, 4,5 млн теңге тұратын бір бөлмелі пәтерді алу үшін, жеке шотыңызда 900 мың теңге қаражат болуы тиіс. Жылдық мөлшері 5 пайызбен берілетін баспаналар туралы толық мәліметтерді Баспана.кз порталынан білуге болады. Баспана басты мәселе болып тұрған уақытта, мемлекеттік бағдарламаның берері мол. Ашық түрде өтетін конкурсқа кез-келген қала тұрғыны қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау қазан айының 17-не дейін жалғасатын болады. Таразда 80 пәтерлі көпқабатты үй игілікке берілді. Жұртшылықтың қуанышты сәтімен бөлісіп қайтқан тілшіміз тарқатсын. Жылдан-жылға халық саны артып, соған сәйкес көлемі де ұлғайып жатқан көне Тараз шаһары күн санап көркеюде. Жаңа ықшам аудандар бой көтеріп, халық сұранысына орай тұрғын-үй мәселесі оңтайлы шешімін тауып келеді.Оның бір айқын дәлелі - «Арай» иінінде жауыннан кейінгі саңырауқұлақша бой тігіп жатқан көппәтерлі тұрғынжайлар кім-кімді де тамсандырмай қоймас. Соның бірі құрылысы толық аяқталып, бір мезетте 80 отбасы қоныс тойын тойлады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 5 қабатты үй   коммуналдық болып саналады. Демек, әл-ауқатына қарай, жылдар бойы кезек күтіп сабылғандар мен сондай-ақ, соғыс ардагерлері, жетімдерге берілді. Бюджеттік қызметкерлер де арасынан табылды. Пәтерден-пәтерге көшіп амалы таусылғандар бұл шаттық күнін көптен күткен еді. Ақ жағалылар әр үйге бас сұғып қуанышқа ортақтасып, ақ жаулықты аналардың құшағын гүлге толтырды. Шаһарда осы сынды үй кезегінде тұрғандар саны 15 мыңға жуықтайды. Олар үшін де жағымды жаңалық жоқ емес. Жыл соңына дейін, 430 мың шаршы метр тұрғын алаңын беру жоспарланса, 800 пәтерлі 10 үй және 255 котедждік жеке тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Мұнан өзге, 15 шағын ауданда іргетасы қаланған оқушылар, неке қию, салтанат сарайлары мен ХҚКО, тәуелсіздік монументі, сауда-ойын сауықтыру орталықтарының құрылысы 2019 жылы аяқтау күтілуде. Осылайша 15 мөлтек аудан  Тараз қаласының жаңа орталығына айналмақ. Жамбыл облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл мақсатқа өткен жылы 1,8 миллиард теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілген. Сонымен қатар былтырғы жылдан өтпелі және биылғы тұрғын үй құрылысы жұмыстарына барлығы 3,23 миллиард теңге бөлінген. Негізінен құрылыс жұмыстарының дені қаладағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы жер телімдерінде жүргізілуде. Аталған басқарманың басшысы Әділет Ахатаевтың айтуынша, халықтың аз қамтылған топтары үшін сатып алу құқығынсыз «Арай» алқабы мен «Бәйтерек» шағын ауданынан бой көтеретін тұрғын үй кешені беріледі. Аталған 3 нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 1 531,302 миллион теңге бөлінген. Бұл нысандар биыл пайдалануға берілмек. «Осы ретте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы – «Арай», Тараз қаласындағы – «Барысхан», Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқаптары мен «Бәйтерек» шағын ауданының бірқатар жер телімдерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамытуға республикалық бюджет есебінен тиісінше қаржы бөлінгенін атап өткен жөн», дейді басқарма басшысы.