Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану - маңызды мәселе
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану - маңызды мәселе
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек», – деп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударған болатын.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы табиғатқа жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы қырық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен. Бұл туралы «агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту мақсатында табиғи ресурстарды пайдалануды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстелде айтылды.
Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы – өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде. Сондықтан оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды. Бұл тұста табиғат ананың берген сыйын кешенді қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың қайта қолданылуы ерекше өзектілікке ие болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды, еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін және ауылшаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды сондай-ақ, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негіздеу керек.
Бүгінде агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы – Қазақстанды дамытудағы басымды және өзекті бағыты болып табылады. 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада суармалы жерлер алқабын 1,5 есеге арттыру көзделген. Негізгі акцент жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталып отыр. Өзге де мәселелерге қатысты ғалымдар баяндама жасап, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Сондай-ақ, қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Нұрлан Балғабаевтың асқаралы алпысқа жасқа толуына орай құрмет көрсетілді. Тіршілік нәрін зерттеп зерделеу, қорғап-қастерлеуге елеулі үлес қосқан ғалымның еңбегі бағаланып түрлі марапатқа лайық ден танылды. Ауылшаруашылығы ғылымдарының академиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы сондай-ақ, бірқатар ЖОО құтттықтап, сый-сияпат көрсетті.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облыс аумағында 340 гектар аумаққа жасыл желек отырғызылмақ. Бүгінде оның 281,5 гектар жеріне тал-дарақтар егілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.
Жамбыл облысындағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн 427 мың гектарды құрайды. Оның орман ағаштары көмкерілген жерлері 2 млн 357 мың гектар, орман қоры жерлері облыс жер аумағының 30,8 пайызын,ал орманды жерлері 15,47 пайызын құрап отыр.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында табиғи өрттердің негізгі түрлері жасыл желектің, яғни орманды даланың және даланың өртенуі Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2018 жылға арналған басты іс-шараларының жоспары бекітілген.
Сонымен қатар, облыс бойынша 2016 жылы 398,4 гектар жерге жасыл желектер отырғызылғын.Ал 2017 жылы 1057,6 гектар жерге жасыл желектер отырғызылса, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 340 гектар жоспарланып, 281,5 гектар жерге тал-дарақтар отырғызылған.