__Маңызды__Редакция таңдауыЖаңалықтар

VI  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАСПИЙ ӨҢІРІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ УНИВЕРСИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Атырауда VI  Халықаралық Каспий өңірі мемлекеттері арасындағы спорттық универсиадасы ойындары басталды. Универсиада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өтіп жақан шара 25-30 қыркүйек аралығында өтеді.  

Универсиада ойындарында 5 мемлекеттің студенттері бақ сынайды. «Каспий өңірі – бейбітшіліктің, тұрақтылық пен тату көршілестіктің бесігіне айналған. Осы тұрақтылық негізгі Каспий маңындағы елдердің өзара қарым-қатынасын, ынтымақтастығын сақтап, шынайы татулықтың өлшеміне айналып отыр», – дейді университет ректоры Абзал Талтенов.

Салтанатты ашылудан соң, қазақ күресінен палуандар арасында абсолютты салмақ дәрежесі бойынша сайыс өтті. 8 палуан белдескен күресте – ІІІ орынды Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің студенті Серік Нұрахметов алды. ІІ орын жүлдесін Дағыстан мемлекеттік универистетінің студенті Могоетов Загит иеленді.  І орынды  Х.Досмұхамедтов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті  Абылай Амандық қанжығалады.

Каспий маңы елдерінің университеттерінің VI Халықаралық спорттық ойындарына Иран Ислам Республикасынан – 63,  Ресей Федерациясынан – 192,  Азербайжан Республикасынан – 15 спортшы студент қатысады. Ал елімізден Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университетінен – 45,  Атырау мұнай және газ университетінен – 126, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен – 126 спортшы студент қатынасады. Спортшылар 10 спорт түрінен,  футбол, баскетбол, шахмат, жеңіл атлетика, каратэ, жүзу, бокс, дзюдо, үстел теннисі ойындарынан сайысқа түсіп, жиыны 400 медальды сарапқа салады.

Жәнібек ҒАЛЫМ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, журналистика кафедрасының аға оқытушысы 

Back to top button