«Денсаулық» бағдарламасының берері мол

Сондай-ақ!

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап айтқанда, билеуші партия өкілі саналмайтын, оппозициядан сайланған депутаттарды парламенттік тыңдауларда да, бірлескен...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 6% - ға қысқарып, 61 млн тоннаны құрады. 2020 жылға...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Отырыс барысында комиссия жұмысын...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова көш бастады. ⠀ Бұл байқауға Қазақстан атынан тағы бір отандасымыз, 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова...

Денсаулық – басты байлық. Сондықтан, кез келген мемлекет ұлт саулығын бірінші орынға қояды. Бұл ретте елімізде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қолға алынған болатын. Аталмыш бағдарлама бойынша жоспарлы шаралар еліміздің барлық өңірдерінде жүргізіліп келеді. Жамбыл облысы да «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындауда.

Соның бір дәлелі – «Денсаулық-2018» фестивалі. Салауатты өмір салтын ұстану – денсаулық кепілі. Осыны негізге алған Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департементі, өрт сөндіру  бөлімінің мамандары ен салауатты өмір салты қызметкерлері  «Денсаулық-2018» фестивалін атап өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде күздің алғашқы айында өткізілетін бұл іс-шараның мамандар үшін берері көп. Күн сайынғы қым-қуыт тірлікті қойып бір мезгіл спортқа ден қойса, аранайы диетологтардың кеңесін тыңдап, ағзаға пайдалы кеңестер ала-алады.  Фестивалдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтарды спортпен шұғылдануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақыру. Қатысушылар спорттың асық ату, арқан  тарту, армрестлинг, жерден кері итерілу, гір көтеру түрлерінен сайысқа түсті.  Спорттық шара барысында төтенше жағдайлар департаменті мамандары  тапсырманы жылдам орындау сяқты түрлі жаттығулар жасады. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және арнайы  сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, №2 орта мектепте «Zhanuya» емдеу орталығы қолға алған акция аясында «Денсаулық – зор байлық» атты спорт мерекесі өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысып, салауатты өмір салты қағидалары жайында жан-жақты ақпарат алды.

«Денсаулық» бағдарламасы аясындағы акцияның басты мақсаты – балақайлардың дене шынықтыру белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтануын қадағалау, зиянды әдеттерден аулақ жүріп көркем мінез-құлық қалыптастыру. «Әрқайсымыз дене шынықтырумен айналыссақ, ағзамыз жасарып,көтеріңкі көңіл-күймен жүретін едік.Денсаулықты жақсарту үшін осындай шаралар жүргізілуде», – дейді «Zhanuya» емдеу орталығының бөлім меңгерушісі Гүлжан Иманбекова.

Шара  барысында жетістіктерге жетіп, әр түрлі жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері атанған мектептің кішкентай бүлдіршіндері өнер көрсетті. Сонымен қатар, тақырыпқа орай флэш-моб өткізіліп, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтының артықшылықтары туралы әңгімеленді.

Соңында бастауыш сынып оқушылары үшін эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, балалалардың көңіл-күйін көтерді. Жеткіншектер сайыстарға қатысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Осылайша, ұйымдастырушылар ерте жастан бастап спортпен шұғылдануға болатынын көрсетті.

Сондай-ақ, өңірде «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облыстық қан орталығында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің төрағалығымен  Республикалық штабтың көшпелі отырысы өткен болатын. Алқалы жиында ана мен бала өлімін азайту бойынша шұғыл шараларды қабылдау жайы сөз болған еді.

Басқосуға  облыстың бірқатар медициналық ұйымдарының басшылары қатысты. Жиында  жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету мен саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ, ана өлімін азайту, медициналық туризмді дамыту турасында ой қозғалды. Негізінде белгілі болғандай, жыл басынан бері аймақта ана өлімінің 2 фактісі тіркелген. Сондай-ақ, аймақта 13 акушер-гинеколог маманы жетіспейді. Кездесу барысында отырысқа келген қатысушылар аталған мәселелер бойынша  нақты ұсыныстарын  білдірді. Айта кетейік, мұндай іс-шара елімізде  «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

 

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...