Жаңалықтар

"Рухани жаңғыру": Туған жерге құрмет көрсетілді

ашық дереккөзі

"Рухани жаңғыру": Туған жерге құрмет көрсетілді

Дамыған озық  30 елдің қатарынан көріну үшін әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруымен қатар  рухани құндылықтарымызды да сақтап қалуымыз қажет. Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы да бәсекеге қабілетті, білімді, озық ойлы жастардың қоғамда бірлік пен татулықты сақтап қалуын дәріптейді. Осыған орай Байзақ ауданы Аймантөбе  ауылдық округіне қарасты Диқан ауылында  «Туған жерге тағзым»  атты кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесу бұрынғыдан өзгерек. Себебі, 50 жылдан астам бұрын арман қуып, ізденген бозбалалар, ендігі ел ағасы ауылдастарымен қайта қауышты. Солардың бірі – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Күмісқали Жаңабеков. Ол жиын барысында жастарға патриотизм мен ұлттық құндылықтар жайында сөз қозғады. Шараның маңызды тұсы да осы, өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарымызды дәріптеу. Сондай – ақ, өзі түлеп ұшқан білім ұясына да бас сұқты. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасына  орай Мойынқұм ауданы «Құмөзек» елді-мекенінде де ауқымды іс-шара өтті. Ауылдың 60 жылдығы мен Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің 40 жылдығын атап өткен жергілікті тұрғындар өскен ел мен туған жерге құрмет көрсетіп, мерейін тасыта түсті. Облыс орталығынан шалғай жерде орналасқан «Құмөзек» ауылы ешқашан тірлігі мен бірлігін жоғалтқан емес. Соның арқасында өсіп өркендеген елді мекен , бүгінде тек облыс емес, респудлика бойынша үлгілі  ауылдың біріне айналып отыр. Көшелері асфальталып, жарықтанған ауылда заман талабына сай ашылған амбулатория мен кеңес үкіметі кезенде салынып, кейінгі жылдары жекешелендіруге берілмей сақталып қалған  балабақша да жұмыс істеп тұр.  40 жылдығы тарихы бар мектепке былтыр ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Мұның барлығы ауыл ағайындарының қажырлы еңбегі мен ауызбіршілігінің арқасы. Кең көлемде өткізілген іс-шараға ауыл ағайындары тайлы-таяғымен түгел жиналды. Тіпті, осы елді-мекеннен түлеп ұшқан түлектер,  бүгінде Астана мен Алматы және Тараз қалаларында ел мерейін асырып жүрген өрендер мен өнегелі істерімен көзге түсіп жүрген ілкімді жандар,  оқымысты ғалымдар да келді. Олар өздері оқыған білім ордаларын аралып, оқушылармен кездесті. Қол жеткізген  жетістіктері мен толайым табыстары жайлы ойларын ортаға салып, мұның барлығы туған жерде алған сапалы білімнің арқасы екендігін атап айтты. 60 жылдық тарихы бар ауылдың өсіп өркендеуі мен жас жеткіншектердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына өз үлестерін қосқан ардагерлер де ұмыт қалған жоқ. Салтанатты жиында оларға құрмет пен қошемет көрсетіллді. Аудан және ауыл әкімідігі тарапынан алғыс  хаттар тапсырылып, си-сипаттар жасалды. Ауқымды іс шарада спорт ойындары да ұйымдастырылды. Мұнда  60 келі тартатын саулық қойды ең көп көтерген оны өз меншігіне иеленсе, гір тасынан көтеріп сынға түсушілер мен арқан тартудан бәсеке көрігін қыздырушылар және қазақша күрестен бақтарын сынап, жеңімпаз атанған палуандар ақшалай сыйлыққа ие болды.  Мереке соңы ат спортымен аяқталды. Сонымен қатар, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында осы жылы Жамбыл облыстық Тілдерді дамыту басқармасы «Жер су атауларының тарихы» атты байқауды жариялаған болатын. Онда өлкедегі тарихы тылсым жерлері туралы ғылыми жобалар ұсынылған. Олардың арасынан үздіктері анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Елбасы «туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар» деген болатын. Осын ескерген байқауға қатысушылар ешкім біле бермейтін тарихи жерлер жайында  15 ғылыми жоба қорғаған. Маусым айынан бастау алған  байқауға облыстың әр ауданынан келген мектеп оқушылары мен орта кәсіптік оқу орындарының студенттері қатысты. Олар «Туған жер - тұнған тарих», «Жер-су атауы - тарих көзі» номинациялары бойынша өзара бақ сынасты. Үздік деп танылған жоба жеңімпаз атанды.