Жаңалықтар

Шаруалар жұмысы жандануда

ашық дереккөзі

Шаруалар жұмысы жандануда

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында айтулы жұмыстар атқаруда. Еліміздің аграрлық ахуалық арттырып отырған өңірлердің бірі саналатын Жамбыл өңіріндегі диқандар үшін биылғы егіс науқаны табысты болғанын айта кетейік. Жамбыл облысының диқандар картоп жинаудың тың технологиясына көше бастады. Қазір қысы ерте түсетін тау бөктеріндегі аудандарда картоп жинауд науқаны басталды. Ал, осы маусымда жұмыс күші табылмай,  сабылып қалатын шаруалар шаш етектен шығынға батып жататын. Дегенмен, Жуалылық диқандар жұмыстың оңай тәсілін игеріп үлгерді. Өнімдері өзімізге ғана емес, шет ел асып тасымалданатын «Зылиха» шаруа қожалығы биыл 150 га жуық жерге картоп еккен. Жыл сайын жұмыс күшінің жетіспеушілігінен жиын терімді кеш аяқтайтын шаруаларда биыл ондай қорқыныш жоқ. Өйткені, бұл шаруа қожалық 50 адамның жұмысын өзі атқара беретін технологияға қол жеткізіп отыр. «2016 жылы терімшілер аз болды да осы шаруалардың 200 гектардан картобы қар астында қалып кеткен болатын. Жұмыс қолы жетіспеді. Польшада нағыз бізге керек технология бар екен. Соны алдыртып отырмыз. Себебі, шаруалар дер кезінде картопты қарға ұрындырмай жинап алуына көп көмегін тигізеді», – дейді шаруашылық жетекшісі Керімқұл Бегалиев. Еуропадан әкелген «Анна-644»  комбайндары  өнімді өзі қазып, өзі теруге кіріскен. Ал, диқандар болса,  жаңа техниканың көмегімен еңбек өнімділігін арттырып отырмыз дейді. Шаруашылық жетекшісі жақында жаңа техниканың екіншісін әкелуді жоспарлап отыр. Егер, бұл ойы орындалатын болса, жиын-терім жұмыстары өз уақытынан ерте аяқталайын деп тұр. Сонымен қатар, биыл Жамбыл облысында қант қызылшасы алқабының көлемі артты. Жамбыл облысында қант қызылшасы алқабының артуы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға байланысты. Мәселен, былтыр 9500 гектар жерге балтамыр еккен дала еңбеккерлері биыл оның көлемін тағы да 1000 гектарға арттырып отыр. Қант қызылшасы алқабының ұлғаюы биыл оны сатып алу бағасының бір теңгеге артуы мен мемлекеттен әр келіге берілетін 10 теңге субсидияның 12 теңгеге көтерілуіне байланысты. Өткен жылы 2000 гектар жерге қант қызылшасын егіп, одан мол өнім алған Меркілік шаруалар осы үрдісті биыл да жалғастырмақшы. Мәселен: былтыр 200 гектар жерге балтамыр отырғызып, одан 800 центнерге дейін өнім алған «Сыпатай Батыр» серіктестігі биыл қызылша алқабын 300 гектарға арттырды. Қазіргі таңда бұл шаруашылықта жаңбырлатып суару әдісі қолданылады. Сонымен қатар, қызылшаның салмағы бүгінгі күні 400-500 грамға дейін жетіп қалды. Бұл уақтылы суғарып, минералды тыңайтқыштарды тиімді қолданудың арқасы дейді агро сала мамандары. Жалпы, Меркі ауданы бойынша биыл 20 дан астам шаруашылық қант қызылшасымен нақты айналысып отыр. Тағы бір айта кететін маңызды мәселе, биыл облыста алғаш рет космомониторинг жобасы жүзесе асып отыр. Бұл ғарыштық түсірілім арқылы егістік көлемі мен сапасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде қант қызылшасы алқабының да тапсырылған көлемі анықталмақшы. Ал Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Тереңөзек ауылдық округі соңғы кезде бау-бақша өсуге мықтап ден қоя бастаған.  Нақтырақ айтқанда «Қаз Алма» серіктестігі биыл ерте көктемде  50 гектар жерді игеріп, шие  жеміс ағаштарын отырғызған. Қазірдің өзінде жапырақтары жайқалып өсіп келе жатқан жеміс талдары Польшадан жеткізіпті. Жер сіңдіріліп жатқан жеміс ағаштары екі жылдан соң өнім бермек. Шарауалар алғашқы жылдары 5 тонна шие алуды көздеп отырса, 4 жылдан соң өнім көлемі 16 тоннаға жетеді деп жоспарлап отыр. Шаруашылық бүгінде бау-бақтың ішін арамшөптен арылтып, жұмысқа жұмыла кіріскен. Оған замануи үлгідегі техникалар қолданып жатыр. Жемісті өркендету бойынша үкіметтік бағдарламаға сай тамшылартып суаруды қолға алып, жан-жағы қоршалған бау-бақ субсидияландырылады. Шаруашылық келешекте алқап көлемін 200 гектарға жеткізбекші. Мұнда  шиеден басқа алма, алмұрт сияқты жеміс ағаштары да отырғызылады.  Олар өз өнімдерін  Алматы қаласы мен Меркі ауданыдағы жеміс шырынынан сусын шығаратын кәсіпорындарға жөнелпек.