Өнегелі офицер
Өнегелі офицер
Жауынгер фольклорында «командир-туған әкем» деген әзіл-шыны аралас қалыптасқан сөз бар. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл сөздің жаны бар. Себебі, жеке құрамның барлық тірлігіне бірінші кезекте командир жауапты. Ал «тірліктің» астарында денсаулық, тәрбие, жеке құрамды бар керектімен қамтамасыз ету де бар.
Ең бастысы, осы тізімді жауынгерлік бағыттағы кәсіби шеберлік бастайды. Ал бұл өтте күрделі іс. Демек, командирдің бірінші міндеті де осы мәселені қамтиды. Жөн сілтеп, жол бастау, айналып келгенде тұлғалық тұрғыда қарамағындағыларға үлгі болу екінің бірінің пешенесіне жазыла бермейді. Қуаныштысы сол, нағыз командир атанып жүргендер әскерімізде молынан кездеседі. Солардың бірі - Құрлық әскерлерінің Әскери институтының атыс дайындығы кафедрасының бастығы полковник Мәлік Ногайбеков мырза.
Мәлік Ноғайбеков басқаратын атыс дайындығы кафедрасының жеке құрамы курсанттармен өткізілетін әр сабаққа үлкен жаупкершілікпен қарайды. Кафедраның оқытушы құрамы дәрістерін де, далалық оқу жаттығуларында да жоғары деңгейде өткізе біледі.
- «Жетістік қашанда көптің маңдай терімен келеді. Менің қол астымда өз ісінің нағыз майталмандары жұмыс жасайды, дейді полковник Ноғайбеков. Сол өз ісінің шеберлерін атап өтіп кетсем деп едім, олар Құрлық әскерлерінің Әскери институтының атыс дайындығы кафедрасының аға оқытушылары: полковниктер: Алескер Байтлесов; Анатолий Котвицский; Сергей Масюков; Петр Райчинец; подполковниктер: Аскар Майлыбаев; Ельдос Мусаев; Павел Страшко. Келісімшарт қызметінің әскери қызметшілерінің де арасынан да суырылып алға шыққандарды атап өткеніміз артық болмас, ол сержанттар: Нурлан Ахметкерім; Анатолий Горбатов; Сая Курмангалиева және кіші сержант Динара Чиганбаева.
Осы қарамағымдағы жеке құрам курсанттардың білімін арттыру мақсатында институт қабырғасында сыныптар мен тренажерларда теориялық білім берсе, далалық оқу жаттығу кезінде болашақ офицерлердің теориялық білімдерін тәжірбие түрінде сапалы ұштастыра білетін кәсіпқойлар -деп атап өтті Мәлік Ноғайбекұлы.
Мәлік Ноғайбековтің жары Нүргүл Ноғайбековада осы институтта әскери қызмет атқарады. Осы аталмыш институтутың 3 курсанттық батальонының офицер психологы. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған тату да берекелі отбасының ұйтқысы.
Аида Бектурова ҚӘӘИ