Елімізде туристік полиция құрылуы мүмкін

Елімізде туристік полиция құрылуы мүмкін

Елімізде туристік полиция құрылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Елімізде туристік полиция құрылуы мүмкін,  деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір отандық мамандар халықаралық тәжірибені зерттеп жатыр. Өйткені елімізде ЕХРО 2017 немесе Азия ойындары сияқты ауқымды шаралар жиі өтеді. Жыл сайын елімізге арнайы келетін саяхатшылардың саны да артып келеді. Сондықтан шетелдік азаматтармен жұмыс жасайтын тәртіп сақшыларын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Құзырлы комитет өкілдері қазір Мәдениет және спорт министрлігімен біріге отырып, туризм саласын дамытудың бағдарламасын әзірлеуде. Оның ішінде туристік полиция құру мәселесі де бар. «Қазақстан полициясы шетел азаматтарымен жұмыс жасай алады. Біз оған көз жеткізу үшін елімізге келген қонақтарға сауалнама жүргізіп, пікірлерін білдік. Басым бөлігі оң бағасын беріп жатыр. Яғни отандық мамандардың бұл бағытта тәжірибесі де, біліктілігі те жеткілікті. Енді болашақта туристік полиция құру мәселесі қарастырылып жатыр», – деді  ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы  Мұрат Қабденов.