Жаңалықтар

Офицерлер жиыны өтті

ашық дереккөзі

Офицерлер жиыны өтті

   2018 жылдың 12 қыркүйегі мен 12 қазан аралығында Қорғаныс минстрлігінің бекітілген кешенді жоспары бойынша Әуе Қорғанысы Күштері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында  300 дей әскери міндеттілермен (запастағы офицерлер) бір айлық жиын өтуде. Оқу жиынына Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт бастығының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары-басақарма бастығы полковник Олжабаев Мұрат Қуатбекұлы жетекшілік етеді. Жиын басшысының пікірінше «Қорғаныс министрлігі тарапынан өткізіліп жатқан бір айлық жиынның әскери институттың оқу-орталығында өткізілетіні етенеден белгілі болды. Жоспарға сәкес әскери міндеттілерге арнап далалық жағдайда оқу-орындарын, дәріс алаңдарын дайындадық. Жиын әкімшілігіне әскери институт ішіндегі үздік офицерлерден ал мамандарды дайындауда білікті оқытушы-профессорлар құрамынан бекіттік. Жалпы әскери міндеттілермен өткізіліп жатқан оқу үдерісі жоспарға сай үзіліссіз өткізілуде жәнеде қорғаныс басшыларының осы сынды іс-шаралары еліміздің қорғанысын нығайтуда ертеліме кешпе өз жемісін берері сөзсіз» деп шегелейді. Жалпы бір айлық жиынға еліміздің барлық облыстарынан шақырылған жас шамасы 22-37 аралығындағы әскери міндетті запастағы офицерлер қамтылған. Дені көбі еліміздің көркейуіне қызмет атқарып жүрген маман иелері. Шақырушылардың алдыңғы қатары мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, бизнесмендер, ауылшаруашылық жер иелері, мұнай, газ саласы мамандары, оқу-орнындарының оқытушылары құрайды.