Жаңа Зеландияда да құлпынайдан ине табылды

Окленд қаласында Каунт-даун сауда орталығы желісі дүкендерінің бірінен австралиялық «Чойс» маркалы құлпынайдан ине шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Жергілікті сауда желілері бұл жеміс түрінің сатылымнан алынғанын мәлімдеді. Қазір екі елде де тергеу басталды.

Еске сала кетейік, бірер апта бұрын Австралиядағы дүкендердегі құлпынайлардан инелер шыққан еді. Бірінші оқиға Брисбен қаласында тіркелді. 21 жастағы азамат құлпынайдың ішіндегі инені жұтып қойып, ауруханаға түсіп, артынша мұндай 100-ден астам оқиға тәркелген. Инелер банан мен алманың арасынан да табылған. Тергеу басталып, қаскөйлерді табуға көмектескен адамдарға 100 мың австралиялық доллар көлемінде сыйақы тағайындалды. Бірақ қаскөйдің ізіне түскен әлі ешкім жоқ.

Back to top button