Колумбия – орхидея көп өсетін ел

Колумбия астанасы Богота қаласы орхидея гүлдеріне оранды, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұнда үш күнге жалғасатын көрме ашылды. Шараны тамашалауға тұрғындармен қатар гүл өсірумен айналысатын мамандар көптеп келген. Көрмеде әлемнің түкпір-түкпірінен жеткізілген орхидеяның 3 мыңға жуық түрі жұрт назарына ұсынылды. Негізі Колумбия – орхидея көп өсетін ел. Боготадағы ботаникалық бақтың дерегі бойынша, мұнда осы гүлдің 4 мыңға жуық түрі таралған. Айта кету керек, орхидея – Колумбияның ұлттық рәміздерінің бірі. Оларды шет елге сату арқылы мемлекет қазынасына жыл сайын миллиондаған доллар пайда түседі.

Back to top button