Алматы қауіпсіз қалалар рейтингіне кірді

Алматы қауіпсіз қалалар рейтингіне кірді

Алматы қауіпсіз қалалар рейтингіне кірді
ашық дереккөзі
Ғаламшардағы қылмыс статистикасын жүргізетін Numbeo сервисі 2018 жылдың "Қылмыстық рейтингін" жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мамандар 327 қаладағы қылмыстарды сараптаған. Сонымен, әлемнің ең қауіпсіз қаласы БАӘ астанасы - Әбу-Даби болды. Мұнда қылмыс индексі 13 пайыздан сәл асып отыр, ал қауіпсіздігі бойынша көрсеткіші 86,37 пайызға тең. Бұдан кейінгі орындарда Катардағы Доха орналасқан, кейін швейцарияның Базель қаласы (индексі - 16 пайыз). Ең қауіпсіз қалалардың ондығына Сингапур, Квебек, Осака, Токио, Берн, Мюнхен және Цюрих енген. Қазақстан қалаларынан тізімде Алматыға ғана бар екен. Рейтингте оңтүстік астанамыздың алып отырған орны - 216. Сервис мәліметтері бойынша, қаладағы қылмыс индексі 50,06 пайыз, ал қауіпсіздік индексі - 49,94. Әлемде қылмыс ең көп жасалатын қала Сан-Педро-Сула болды, бұл Гондурастағы ең ірі қалалардың бірі (қылмыс индексі 85,18).