Атырауда Айтуар биге ескерткіш қойылды

Атырауда Айтуар биге ескерткіш қойылды

Атырауда Айтуар биге ескерткіш қойылды
ашық дереккөзі
Атырау облысының Махамбет ауданында қазақтың әйгілі билерінің бірі Айтуар Үсенұлына арналған гранит стелланың ашылу рәсімі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Айтуар би 1783-1856 жылдары Атырау облысының қазіргі Махамбет, Индер, Қызылқоға аудандарының аумағында тұрған. Ол қара қылды қақ жарған әділдігімен жұртқа танымал би болған. Есет Қараұлымен бірге Кіші жүзде Баймағамбет сұлтанның кеңесшісі болған және өз заманының беделді де белді тұлғаларының бірі еді»,-деді Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Стелланың ашылуына сот өкілдері, аудан халқы және бидің ұрпақтары қатысты. «Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты тарихи құжатында қазіргі заманда қазақ халқының рухани мұраларына ерекше назар аудару қажеттігі айтылған. Қуатты мемлекеттің негізі мәдениет пен рухани құндылықтары болуы тиіс. Біз қазақ тарихында елеулі рөл атқарған Айтуар би сияқты біртауар азаматтармызды ешқашан де естен шығармауымыз қажет»,-деді жиынға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген облыстық соттың судьясы Сағат Хасан. Сонымен қатар сот өкілі «Билер сотын» жаңғырту бойынша сот жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып өтті.