Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің редакция сауалхатына берген жауабында айтылады.

«Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарын ұстады. Ол 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», – деп хабарлады агенттік өкілдері. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Back to top button