Еуропадағы ең биік «Аспандағы көпір»
Еуропадағы ең биік «Аспандағы көпір»
«Аспандағы көпір» атауына ие болған нысан биіктігі 1034 метрлік екі тау шыңын жалғастырмақ. Көпірдің ұзындығы – 234 метр, ол 140 метр биіктікте орналасады. Оның құрылысына 750 мың еуро жұмсалған. Бұдан былай ерекше көпір арқылы жергілікті тұрғындар өзге елді мекендерге жылдам жетіп, сондай-ақ, туристер жергілікті табиғаттың әсем көріністерін – Коломбер су бөгетін, Альпі шыңдарын, Адда өзенінің сарқырамасын, жайылымдықтарды тамашалауға мүмкіндік алады. Айта кетелік, таяуда құлаған Генуядағы көпірден 38 итальяндық қаза тапқан еді. Десе де, таулы-тасты Италия үшін аспалы көпірдің маңызы өте зор. Себебі осы көпірлер арқылы Италия жұртшылығы бір-бірімен жақындасады. Әсем табиғаттың тауларын жалғайтын аспалы көпірлер талай жылдан бері елдің туризміне де оң әсерін тигізіп келеді.