Ресей Ил-20 ұшағы апаты үшін Израилді айыптады
Ресей Ил-20 ұшағы апаты үшін Израилді айыптады
Ресей президенті Владимир Путин 18 қыркүйекте Сирияда Ил-20 ұшағы апатынан кейін, ресейлік әскердің қауіпсіздігі күшейтіледі деп мәлімдеді. "Бұл бәрі аңғаратын үлкен қадам болады" деген. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Путин Ил-20 экипажында қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан. Ол Мәскеудің оқиғаға байланысты Израилге қатысы қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде толық айтылған деді. Путин бұл мәлімдеменің өзімен келісілгенін атап өтті.
Ресейлік Ил-20 әскери ұшағы Жерорта теңізінің Сирия жағалауында апатқа ұшырады. Ұшақты Ресей одақтасы Башар Асад әскері құлатқан. Апаттан 15 ресейлік әскер қаза тапты. Мәскеу бұл оқиға үшін Израилді айыптады. Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәлімдеуі бойынша, Асадтың әскери нысанына соққы беріп жатқан израилдік атқыштар Ил-20 ұшағын қорғану үшін пайдаланған.
Израиль ресейлік әскерилердің қазасына көңіл айта отырып, Мәскеудің айыптауына келіспейтінін жеткізді. Израиль армиясы Ил-20 соғыс операциясы жүріп жатқан Латакиядан тыс жерде болған дейді. Бұл мәселені бүгін Путин Израиль премьер-министрімен талқылайды.
Израилдің қорғаныс армиясы жүйелі түрде Асад нысандарына шабуыл жасап келеді. Ресей болса Сирия президентінің басты одақтасы. Соңғы кезде Ресей әскері Идлиб провинциясына шабуылды күшейтті. Халықаралық қауымдастық аймаққа химиялық қару қолдану қаупін айтып дабыл қағып жатыр.