Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты

Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты

Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты
ашық дереккөзі
Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мен бұрын жұмысқа жаяу баратынмын (оң жағалаудағы Қаржы министрлігінің ғимаратына - автор.). Қазір жұмысыма жақын тұрғандықтан жаяу барамын. Жол-жөнекей не болып жатқанын қараймын, тапсырмалар да беремін. Ал жұмыс барысында таксимен жүремін", - деді Сұлтанов. "Бұрынғы әкімнің идеяларын тоқтатпау керек. Оны жалғастыру керек. Осындай идеяларды жалғастырып, одан әрі дамыту керек", - дейді әкім. Еске сала кетейік, биыл тамыз айында бұрынғы әкім Әсет Исекешевтің қызметтік көліктен бас тартып, бизнес-класс санатындағы таксиге ауысатыны жайлы хабарланған еді.