Жаңалықтар

Қарағанды облысында 500 келіден астам марихуана тәркіленді

ашық дереккөзі

Қарағанды облысында 500 келіден астам марихуана тәркіленді

Қарағандылық полицейлер заңсыз егіп, өсірілген 500 келіден астам марихуананы тапты, деп хабарлайды  24.kz. Есірткі алқабы Ұлытау ауданында анықталды. Оқиға орнынан жалпы салмағы 500 келіден асатын 587 түп есірткі заты тәркіленді. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері қылмыстық сауда айналымынан 700 келіден астам есірткі заты, оның ішінде 3 келіден астам героин, 14 келіден астам гашиш тәркіленген.