Алдағы уақытта ақша айырбастау орындарында алтын құймалар сатылады

Алдағы уақытта ақша айырбастау орындарында алтын құймалар сатылады

Алдағы уақытта ақша айырбастау орындарында алтын құймалар сатылады
ашық дереккөзі
Ақша айырбастау орындары алтын құймаларды сатуға дайындалып жатыр. Оларды жыл соңына қарай сатып алуға немесе сатуға болады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. Ақша айырбастау ассоциациясы өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта құймалар тек екінші деңгейлі банктерде шығарылып жатыр. Бірақ, айтуларынша ақша айырбастау орындарында алтын бағасы одан арзанырақ болады. Сондай-ақ, ақша айырбастау орындарының өкілдерінен және сатып алушылардан операциялар үшін ешқандай салық пен комиссия ұсталмайтыны айтылады. Айта кетейік, қазір салмағы 10, 20, 50 және 100 грамм құймалардың грамм үшін бағасы - 15 000 теңге.