Ресейдің әскери ұшағы Жерорта теңізінде жоғалып кетті

18 қыркүйек, 2018 / Назым Тойлыбаева
ашық дереккөзі
Ресейдің әскери ұшағы Жерорта теңізінде жоғалып кетті Жерорта теңізінде бортында 14 жасағы бар Ресейдің әскери ұшағы жоғалды, деп хабарлайды Хабар 24. Ил-20 әуе көлігі Израильдің F-16 жойғыш ұшағының шабуылы кезінде Сирияның Латакия провинциясында ғайып болды. Ресейдің қорғаныс күштерінің хабарлауынша, экипажбен байланыс ұшақтың Хмеймим әуе базасына оралу кезінде үзілді. Құтқару-іздестіру опперациясы жалғасып жатыр. Әзірге Ресей әскерлерінің тағдыры беймәлім.