Еуропа орталық банкі жаңа €100 және €200 банкноттарын шығарды

Еуропа орталық банкі жаңа €100 және €200 банкноттарын шығарды

Еуропа орталық банкі жаңа €100 және €200 банкноттарын шығарды
ашық дереккөзі
Еуропа орталық банкі (ЕОБ) жаңартылған €100 и €200 банкноттарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл қағаз ақша бұрынғыларына қарағанда қорғаныш жүйесі  едәуір жақсартылған, дизайны мен көлемі өзгеше. Сондай-ақ ұзақ мерзімге қолданылатын болады. Аталмыш ақша белгілері 2019 жылы айналымға түседі, деп мәлім етті ЕОБ сайты. €100  және  €200  банкноттарының беріктігін жоғарылату үшін €50 номиналы тәрізді етіп жасалған әрі көлемі де тап сондай. Бұл өзгерістер енді ақша  белгілері бірдей болғандықтан банкоматтардың жұмысын да жеңілдетпек. Купюраны жарыққа тосып қарағанда ерекше белгі - ежелгі грек мифологиясындағы  батыр әйелдің портреті анық көрінеді. Купюраның түсі сақталған - €100  банкноты жасылдау, ал €200  сарғылт - қоңырлау.