Еуропа орталық банкі жаңа €100 және €200 банкноттарын шығарды

Еуропа орталық банкі (ЕОБ) жаңартылған €100 и €200 банкноттарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл қағаз ақша бұрынғыларына қарағанда қорғаныш жүйесі  едәуір жақсартылған, дизайны мен көлемі өзгеше. Сондай-ақ ұзақ мерзімге қолданылатын болады.

Аталмыш ақша белгілері 2019 жылы айналымға түседі, деп мәлім етті ЕОБ сайты.

€100  және  €200  банкноттарының беріктігін жоғарылату үшін €50 номиналы тәрізді етіп жасалған әрі көлемі де тап сондай. Бұл өзгерістер енді ақша  белгілері бірдей болғандықтан банкоматтардың жұмысын да жеңілдетпек.

Купюраны жарыққа тосып қарағанда ерекше белгі – ежелгі грек мифологиясындағы  батыр әйелдің портреті анық көрінеді.

Купюраның түсі сақталған – €100  банкноты жасылдау, ал €200  сарғылт – қоңырлау.

 

Back to top button