Елімізде суға тарифтер қалай өзгерді

2018 жылы Қазақстанның үш аймағында сумен қамтамасыз ету тарифтері төмендеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Зарина Ботбаева айтты.

«Сумен жабдықтау бойынша 2015 жылы бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері аясында 2018 жылы халыққа арналған тарифтер 4 өңірде өзгеріссіз қалды: Астана және Алматы қалалары, Қарағанды (Қарағанды қаласы 98,45 теңге/м3) мен Маңғыстау облыстары. Бұдан бөлек, 3 өңірде  тарифтер төмендетілді. Бұл тұрғыда Алматы облысында («Жетісу су арнасы» МКК 61,32 теңге/м3-ден  60,41 теңге/м3 дейін, өсім  1,48%), Атырау облысында  («Атырау су арнасы» МКК 101,33 теңге/м3-ден 97,5 теңгеге/м3 дейін, өсім 3,78%), сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында («Батыс су арнасы» МКК42,65 теңге/м3-ден  41,98теңге/м3  дейін, өсім 1,57%) тарифтер азайды»,- деді З. Ботбаева.

Мұнымен қоса, халыққа арналған тариф 10 аймақта артқан (ҚҚС-сыз): Қызылорда облысы, «Қызылорда су жүйесі» КМ (өсім 1,09%);

Ақмола облысы, «Көкшетау су арнасы» МКК (өсім 1,25 %);

Ақтөбе облысы, «Ақбұлақ» (өсім 2,96%);

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Семей су арнасы» МКК (өсім 4,98%);

Қарағанды облысы (Жезқазған қ.), «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ (өсім 5,51%);

Павлодар облысы, «Павлодар су арнасы» ЖШС (өсім 6,0%);

Солтүстік Қазақстан облысы, «Қызылжар су» ЖШС (өсім 8,5%).

Жамбыл облысы, «Тараз су» МКК (өсім 8,64%);

Қостанай облысы, «Қостанай су» МКК (өсім 13,34%).

Шымкент қаласы, «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС (өсім 12,00%);

«Осылайша, ең аз өсім Қызылорда облысында (1,09%), ең жоғары өсім Қостанай облысында (13,34%) байқалады», – деді Зарина Ботбаева.

 

Back to top button