WhatsApp енді қара түсті болады

WhatsApp енді қара түсті болады

WhatsApp енді қара түсті болады
ашық дереккөзі
WhatsApp мессенджерінің өкілдері алдағы уақытта қосымшаның жаңаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Wccftech басылымына сілтеме жасап. Еске сала кетсек, жақында мессенджер батырмалы телефондарға да қолжетімді болды. Нәтижесінде әлем бойынша WhatsApp қолданушыларының саны бір жарым миллион жаңа аккаунтқа артты. Жаңаруы жайлы айтатын болсақ, WhatsApp өкілдері мессенджер қара түске ауыстырылады деп отыр. Олардың сөзіне қарағанда, қара түс көзді аса ауыртпайды. Сондай-ақ, жаңа түстің арқасында аккумуляторды үнемдуге болады. Таяуда бұл түс iOS пен Android-та қолжетімді болады.