Қырғызстан СІМ Қазақстанға тағы да наразылық нотасын жолдады

Қырғызстан СІМ Қазақстанға тағы да наразылық нотасын жолдады

Қырғызстан СІМ Қазақстанға тағы да наразылық нотасын жолдады
ашық дереккөзі
Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Кәрім Көкірекбаев 14 қыркүйекте қырғыз сыртқы істер министрлігіне шақырылған. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. Оған қазақстандық шекара қызметі өкілдерінің қырғыз азаматтарын Алматы халықаралық әуежайында жиі тексеретіні себеп болған. «Кездесу барысында қырғыз тарабы қазақстандық құзыретті органдардың әуежайда азаматтарын шектен тыс тексеретініне алаңдаушылық білдіріп, азаматтарының құқықтарын таптауға жол берілмейтінін ескерткен. Елшіге Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің наразылық нотасы тапсырылды», - делінген Қырғызстанның СІМ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. Биыл мамыр айында да қырғыз тарабы дәл осындай нота жолдаған. Сол кезде Қазақстан тарабы «тексеру халықаралық террористік ұйымға мүше азаматтардың анықталуына байланысты жүріп жатыр» деп түсіндірген. Қырғызстандықтар Қазақстан арнайы қызметі Алматы әуежайында әртүрлі жеке басқа қатысты сұрақтар қойып, мобильді телефондардың IMEI-кодтарын жазып алады деп шағымданған.