Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшыл тойлардан бас тартуға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшыл тойлардан бас тартуға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшыл тойлардан бас тартуға шақырды
ашық дереккөзі
Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды той өткізуде «өзбектерден, түріктерден, түркімендерден» үлгі алуға шақырды. Ол бұл жайында Twitter парақшасына жазды, деп хабарлайды  centralasian.org. «Қазақ БАҚ-та той, салтанатты кештер өткізуде жаңаша ыңғайлар керек деген пікір-таласты қолдаймын. Шектен шыққан даңғазалық пен ысырапшылдықтан бас тартып, жаңаша формат керек», - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның пікірінше, өзбек, түрік, түркімендер секілді ұлттық дәстүрге мән беру керек. Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter арқылы жеке көзқарасын жүйелі жариялап отырады. Ол Twitter парақшасын 2011 жылдың шілде айында ашқан.