Головкин кәсіпқой бокста тұңғыш рет жеңілді

Головкин кәсіпқой бокста тұңғыш рет жеңілді

Головкин кәсіпқой бокста тұңғыш рет жеңілді
ашық дереккөзі
Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) рематчы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бірінші раунд қарсыластардың бірін-бірі барлауымен өтті. Бір-бірін әбден зерттеген боксшылар рингте қаймықтайтындарын көрсетті. «Канело» бірінші айқастағыдай емес, бұл жолы бетпе-бет айқасқа ден қойған секілді. Алғашқы раунд  тең дәрежеде өрбіді.