Астанада қант тапшылығы болмайды

Астанада қант тапшылығы болмайды

Астанада қант тапшылығы болмайды
ашық дереккөзі
Бағаны тұрақтандыру үшін Астана әкімдігі тұрақты негізде азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  Ең қажетті деген тағам түрлері ерекше бақылауда тұр, оның ішінде қант та бар. Бүгінде астанада дефицит пен қант бағасының артып кеткендігі байқалмайды. Барлық сауда объектілері мен жеткізушілер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бағаны тұрақтандыру мақсатында және қанттың жеткіліксіз болмауына жол бермес үшін тұрақтандыру қоры құрылды, қорға 1500 тонна қант сатып алынды және басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түрлері алынды. Көрсетілген қант көлемі (1500 тонна) дефициттің алдын алуға және делдал ұйымдардың алыпсатарлық әрекетіне әсерін тигізе алады. Қазіргі таңда қорда 945 тонна қант бар, қаланың ірі сауда желілерінде 1 келісі 240 теңгеден сатылуда. Одан басқа, «Шапағат» коммуналдық базарының 36 сауда нүктесінде қант сатылады. Сонымен бірге статистика департаментінің ресми мәліметі бойынша Астанада бір аптаның ішінде қанттың бағасында өзгеріс байқалмаған. Азық-түлік бағасы бақылауда тұр.