«Кейкі мерген» фильмінің түсірілімі аяқталды

«Кейкі мерген» фильмінің түсірілімі аяқталды

«Кейкі мерген» фильмінің түсірілімі аяқталды
ашық дереккөзі
16 сериялы «Кейкі батыр» фильмінің түсірілімі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жанынан құрылған көркем телехикаяларды іріктеу жөніндегі Сарапшылар кеңесі Кейкі батыр туралы туынды идеясын мақұлдаған болатын. Астана қаласындағы тарихи әскери мұражайдағы Халықаралық конференцияда белгілі қолөнер шебері, тарихшы Шөптібай Байділдиннің «Кейкі батыр» кітабының тұсаукесері болды. Іс-шара кезінде тарихшылар мен әскерилер Кейкіні «ХХ ғасырдың хас батыры» деп таныды. Биыл осы шараның негізінде «Қазақстан» телеарнасы Ш.Байділдиннің «Кейкі батыр» кітабының желісімен кино түсіруді қолға алған болатын. «Қазір Кейкіні ғалымдар жоғары деңгейдегі батырлармен теңестіруде. Шындап келгенде, Кейкі батыр енді зерттеліп жатыр. Батыр сүйегінің туған топырағына оралғанына, басына кесене тұрғызылғанына да бір жылдың жүзі таяп қалды. Кейкі батырдың мемлекеттік деңгейде ұлықталып жатқаны елге зор рух беруде. Киноның түсірілімі Қызылжарда, Қордайда, Отырарда, Шәуілдірде, Сығанақта түсірілді. Түсірілім тобы өз жұмысын аяқтады. Қазір 16 сериалы фильмді монтаждау жұмыстары қолға алынды»,- дейді Шөптібай Байділдин. «Кейкі мерген» киносы алдағы Тәуелсіздік күні қарсаңында жарыққа шығады деп күтілуде.