Жаңалықтар

Қала өмірі қазаққа жат емес

ашық дереккөзі

Қала өмірі қазаққа жат емес

Республикалық «Жас Алаш» газеті мен «Алтын қалам» қоры  Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп қала прозасына арналған  «Қазақ пен қала» республикалық байқауын жариялады. Байқауға Алматы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық шығармаларын жолдай алады. Туындының көлеміне (әңгіме, повесть, роман) және қатысушының жасына шектеу қойылмайды. Ұсынылған шығарма бұрын ешқайда жарияланбаған болуы тиіс. Шығармалар 5 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін қабылданады. Байқау жеңімпаздарын елге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушылардан құрылған қазылар алқасы анықтайды. «Қазақ пен қала» республикалық байқауының 1-орын иегеріне – 1 миллион теңге, 2-орынға – 500 мың теңге, 3-орынға 300 мың теңге жүлде тігілген. Сонымен қатар, 200 мың теңге көлемінде арнайы сыйлықтар және 100 мың теңге ынталандыру сыйлықтары қарастырылған. Айта кету керек, мұндай байқау Қазақстанда тұңғыш рет өткелі отыр. Байқаудың негізгі мақсаты – қазақ әдебиетінің қала прозасы жанрын дамытуға үлес қосу. Сонымен қатар, жазушыларға шығармашылық қолдау көрсетіп, қазақ прозасының тақырыптық ауқымын кеңейтуді, қазақ жазушыларын қала тақырыбын игеруге ынталандыруды көздейді.