Қатерлі пластик көбейіп барады
Қатерлі пластик көбейіп барады
Жаңа заман туғызған материалдардың бірі – пластик. Жыл сайын бұл материалға деген сұраныс артып келеді. Тіпті, соңғы 10 жыл ішінде 50 жыл бұрынғыдан да көп пластик өндірілген. Яғни, он жыл ішінде әлемнің табиғи орындары, өзен-көлдер мен ормандар, таулар мен жолдары айтарлықтай зиян шегіп отыр. Бұл туралы «Let›s do it world» жаһандық экологиялық қозғалысының ресми өкілі Пол Эммет мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда пластиктің 300-400 түрі бар. «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясының мақсаты – адамдар тұратын пластиктерден жерлерді тазарту. Біз осы шарадан кейін жағдайдың өзгеретініне үміттенеміз», – деді Эммет. Сондай-ақ, ол Жаңа Зеландияда 15 қыркүйек күні барлық тұрғындардың көшеге шығып, елді тазартатынын айтты. Осылайша, акция барысында әр ел бір тәулік ішінде өз аумағын тазартып, қоқыстан арылтпақ.